23 қазаннан бастап медициналық мекемеге апаратын жолда асфальт жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты жол үш күнге жабылады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Көлік қозғалысы үшін айналма жол ұйымдастырылған. Ол «Нұрлы жол» саябағы арқылы өтеді, мұнда «Айналып өту» белгісі қойылды.
- Азаматтардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз, — делінген оңалту орталығының хабарламасында.
Пікірлер