Республика күніне орай «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ШҚО филиалының ұйымдастыруымен «Менің елім – менің туым» атты акция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белсенді жастар мен депутаттар Өскемендегі тұрғын үйлерге Ту іліп, азаматтарды мерекемен құттықтады.
Іс-шараның басты мақсаты – елге деген сүйіспеншілікті арттыру, бірлік пен патриоттық рухты дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру.
- Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы. Мемлекеттік Ту ілу арқылы біз өз Отанымызға деген мақтаныш сезімімізді білдіреміз. Әрбір үйде көк байрақ желбіресе, халықтың рухының биіктігін, елге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Жастардың бастамасы – патриотизмнің жарқын көрінісі, – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Туғанбаева.
«Менің елім – менің туым» акциясы тұрғындарды елдік рухқа, бірлікке және Отанға деген сүйіспеншілікке үндеді.
Пікірлер