A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 09:45 0

Өскеменде «Капитан Байтасов» фильмінің тұсаукесері өтті

Бүгін / Өскемен

23 қазанда «Юбилейный» кинотеатрында нағыз батырдың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмінің салтанатты премьерасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты. Кештің басты мақсаты – ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында жанқиярлық ерлік көрсеткен полиция капитаны Бауыржан Байтасовтың рухына тағзым ету және оның есімін ұлықтау болды. 

– Бұл фильм шынайы оқиғаға негізделген. Онда Капитан Байтасовтың ерлігі мен Отанға деген адал қызметі терең суреттеледі. Ол өз өмірін тәуекелге тігіп, ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында көзсіз ерлік көрсетті. Капитан Байтасовтың батылдығы – нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі. Бұл туынды тек бір адамның ерлігін ғана емес, бүкіл құқық қорғау органы қызметкерлерінің ерен еңбегіне деген құрметті білдіреді. Полиция қызметкерлері күн сайын ел ішінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін аянбай еңбек етеді. Олардың қызметі кейде көзге көрінбегенмен, қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі болып саналады. Біздің жас ұрпақ осындай батыр тұлғаларды танып, олардың өмірінен өнеге алуы керек. Батырлардың есімін ұлықтау – ұлт рухын көтеру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Сондықтан бұл фильмнің қоғамға тигізер тәрбиелік және рухани маңызы зор, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Серік Манапов.

Киносеанс алдында қатысушылар назарына арнайы техниканың ашық көрмесі ұсынылды. Онда қызметтік автокөліктер, мотоциклдер, квадроциклдер, сигвейлер, бронетехника және заманауи байланыс құралдары көрсетілді. Кинотеатр фойесінде бірнеше тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Оның ішінде «Қару-жарақ пен жарақтану» бөлімінде арнайы бөлімшелердің қару түрлері мен нысандық киім үлгілері таныстырылды. Сондай-ақ «Полиция қызметкерлерінің күнделікті өмірі» атты фотокөрме келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Фильм көрсетілімі көрермендердің зор ықыласына бөленіп, көрермендер кейіпкердің ерлігі мен отансүйгіштігіне тәнті болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив