Мерекелік бағдарлама Өскеменнің ең көрікті және адам көп шоғырланатын орындарды қамтиды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
24 қазан күні сағат 11:00-де Сол жағалау кешенінде ұлттық киімдер шеруі өтеді және «TARBIYA» ұлттық костюмдер дүкені ашылады.
Осы күні сағат 16:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Республика күніне арналған облыстық салтанатты шара ұйымдастырылады.
25 қазан күні сағат 8:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы және «Дос Нар» сауда үйінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
11:00-де Тәуелсіздік монументінде Әнұран шырқалып, мемлекеттік ту көтеріледі.
Сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Арбатта екі көрме ұйымдастырылады — «Шығыс Қазақстан облысының табиғаты» және «Күмістің сиқыры мен жарқылы». Мұнда тұрғындар облыстық мұражайлардың бірегей экспонаттарын тамашалай алады.
Сағат 11:00-ден 14:00-ке дейін Қасым Қайсенов атындағы этнопаркте «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік бағдарлама өтеді.
Сол уақытта, 11:00-ден 14:00-ке дейін, тарихи-өлкетану мұражайында «Күмістің сиқыры мен жарқылы» көрмесі ұсынылады.
Сағат 12:00-де «Имератор» сауда үйінде облыстық кітапханалар «Мәңгі ел — Мәңгі Республика» атты мәдени-танымдық шара өткізеді.
Сағат 13:30-дан 18:00-ге дейін «MAXI MALL» сауда-ойын-сауық орталығында «Елімнің еркін рухы» атты мерекелік концерт өтеді. Шара барысында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Әлем сазы» вокалды-аспаптық ансамблі өнер көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда облыстық өнер мұражайының «Ата-баба рухы» көрмесі ашылады. Драма және оперетта театрының «Рухы биік — Республика» концерт-спектаклі қойылады.
Сағат 16:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында «Алтай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Мәңгілік жаса, туған елім!» атты концерті өтеді.
Сағат 17:00-де «MAXI MALL» орталығында «Рухы биік — Республика» атты театрландырылған концерт-спектакль ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, қаладағы сауда желілерінде «Береке Fest» акциясы басталады. Оның аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылады. Акция қазан айының соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар, мерекеге орай 15%-дан 49%-ға дейінгі жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар «Sulpak», «Технодом», «DNS», «Magnum» дүкендерінде қолданылады.
Осы күні қала көшелерімен «Оқитын трамвай» жүреді . №3 трамвайда Республика күніне арналған мерекелік оқулар мен әдеби кездесулер өтеді.
Пікірлер