A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 11:40 0

Өскеменде AMANAT партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды

Бүгін / ШҚО

Қалада AMANAT партиясы филиалының ұйымдастыруымен партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер мен Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республика күні қарсаңында өткен шараға партия филиалының басшылығы, мәслихат депутаттары, жастар қанатының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

ШҚО AMANAT партиясы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нүркенов партия мүшелерін мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесін атап өтті.

— Республика күні — біздің ең ұлттық әрі ең ұлы мерекелеріміздің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мерекенің мәртебесі қайта жаңғырды. Сондықтан бұл күннің халқымыз үшін маңызы зор. Партия мүшелері Президент реформаларын жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысып келеді. Осы еңбекті ескеріп, партиялық билеттер мен Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстауды жөн көрдік, — деді Аманбай Нүркенов.

Шара барысында партия мүшелеріне арнайы төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды. Ұлан ауданының AMANAT партиясы филиалының төрағасы Марғұлан Әменов та қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Салтанатты жиыннан кейін Республика күніне орай Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінде ағаш отырғызу шарасы өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив