A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 14:30 0

ШҚО-да қаржылық диктантты үздік жазғандар марапатталды

Бүгін / ШҚО

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 10–20 қазан аралығында Республика күніне орай Қаржылық қауіпсіздік диктантын (FinIQ) өткізді. Диктанттың мақсаты – азаматтардың қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға өңірдің 153 мыңнан астам тұрғыны қатысып, қатысушы сертификаттары мен жеңімпаз дипломдарын иеленді. 
23 қазанда ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті диктанттың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттады.
Олардың қатарында №49 мектеп оқушысы Нұрасыл Қарыбай, №2 мектеп оқушысы Артем Максимов, №19 мектеп оқушысы София Ильина, №11 мектеп оқушысы Иван Втюрин, №17 мектеп оқушысы Анастасия Цыбульская, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Мерей Әшімжан, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенті Нұрсат Кенжеәлі, еңбек ардагері Татьяна Кумыкова, нотариус Серік Шигиров, «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалының қызметкері Әсем Бердіғожина бар. Жеңімпаздарға демеуші - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив