Қала әкімі Алмат Акышов, ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов, ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов, «Өскемен тынысы» экологиялық бюросының жетекшісі Елена Березинская-Абилова және тағы басқасы мәселені реттеу әдістерін қарастырды.
Шаһар басшысы Алмат Акышовтың айтуынша, қазір жағдай тұрақты бақылауында. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимыл нақтыланып, қолайсыз метеожағдайлар кезінде шығарындыларды азайту шаралары қабылданады. Бұдан бөлек, ол қалада автокөлік санының артқанын, жылыту маусымы басталғанда жер үйлерде көмірді пайдалануға байланысты ауаға түсетін жүктеменің көбейетінін атап өтті.
Ал «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ақпаратынша, өңірдің географиялық ерекшеліктері ластаушы заттардың жер беті қабатында жиналуына ықпал етеді. Экологиялық мониторинг деректеріне сүйенсек, негізгі көрсеткіштер бойынша белгіленген нормативтерден асып кету анықталған жоқ.
Сондай-ақ метеожағдай нашарлағанда оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіру алгоритмі әзірленеді.
Экологиялық жағдайды жақсарту, қала тұрғындарының денсаулығын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және қоғамның бірлескен жұмысы жалғасуда.
Пікірлер