Бүгін облыс орталығында қала әкімі Алмат Ақышовтың қатысуымен 25 қазан - Республика күніне арналған мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оған қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Шаһар басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
- Бүгін тарихымыздағы атаулы оқиғалардың бірі - Республика күнін атап өтудеміз. Бұл күн - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманының орындалуы. Тәуелсіздік - ең қымбат қазына. Оны сақтап тұрған қос құндылығымыз - татулық пен тұрақтылық. Республика күні тек мереке емес, өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасайтын жауапты күн. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қаламыздың бүгіні бақытты, болашағы жарқын болуы үшін аянбай қызмет етіп жүрген жерлестерімізге алғысымды білдіремін! Барша өскемендікті Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұрымыз тыныш болсын! - деді Алмат Ақышов.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы бірқатар азаматты қала дамуына қосқан үлесі үшін марапаттап, құрмет көрсетті.
“Өскемен қаласының дамуына айрықша үлесі үшін” төсбелгісі автомобиль жолдары учаскесінің аға шебері Мира Исинева-Журавлева, “VK Development group” ЖШС директоры Айдос Бахтубаев, “AN Groups” ЖШС бас директоры Қайнар Дүйсеновке табысталды. Қала әкімінің Алғыс хатымен “Восток-Асфальт” ЖШС БМА учаскесінің бастығы Руслан Стребков, “ВЕБАС” ЖШС қалалық бағыттар бойынша автобус жүргізушісі Сергей Карпенко, “VoSca” ЖШС автобус жүргізушісі Руслан Құсайынов, “VoSca” ЖШС автобус жүргізушісі Сергей Низенков, “Үлбі” халықты әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығының мейірбикесі Айгүл Тоқсанбаева, орталықтың әлеуметтік қызметкері Галина Кизеева, орталықтың психологы Александра Романовская, Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының дәрігері Құралай Боқаева, О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі шетел әдебиеті секторының меңгерушісі Арайлым Сүлейменова, автоматтандыру бөлімінің маманы Данил Голованов, №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі Гүлжан Төрежанова, “Самғау” мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығының мүгедектермен жұмыс істеу жөніндегі әдіскері Гюзаль Зайнуллина, “Өскемен Водоканал” кәсіпорнының директоры Ержан Аубакиров, прораб Сергей Сидоренко, жылу торабын техникалық қызмет көрсетуші слесарь Айдын Жекебаев, слесарь-жөндеуші Ермек Токушев, “Таза Өскемен” кәсіпорнының санитарлық тазалау жұмысшылары Анар Кабаева, Оразбек Нұрпейісов, жол жұмысшысы Айбек Сейткамзин, автогрейдер машинисі Қуаныш Жүнісов марапатталды.
Салтанатты жиында қала өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары концерт ұйымдастырып, өскемендіктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер