Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңадан ашылған «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ұлттық мәдениеттің бай мұрасын дәріптеген домбырашылар флешмобы ұйымдастырылды.
100-ден астам оқушы домбыра үнімен ел рухын асқақтатып, қазақ күй өнерінің көркемдігін паш етті. Жиналған жұрт назарына «Тепең-көк», «Жастар биі», «Нәр ағашы» сынды халық күйлері ұсынылды.
Пікірлер