Атырау облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 20 жастағы сотталған қыз істеген ісіне өкініш білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, бұрын жаман ортаға түскен. Туған-туысы жоқ — балалық шағы балалар үйінде өткен.
- Қазір бостандыққа шығу үшін барымды салып жатырмын. Жаңа өмір бастап, әрбір минутты бағалағым келеді, - деді ол.
Сотталған қызбен үнемі психолог жұмыс істеп, оның бейімделуіне және болашаққа жоспар құруына көмектесіп келеді.
Пікірлер