«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Вuqага.kz сайтының тілшісі.
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
Пікірлер