A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 20:00 0

ШҚО-да 3 мыңға жуық адам жол саласында еңбек етеді

Бүгін / ШҚО

Қазақстанда алғаш рет Автожол саласы қызметкерлерінің күні атап өтілді. Мемлекет басшысының бастамасымен және Үкіметтің қолдауымен бұл жаңа кәсіби мереке Еңбек адамдарының жылы аясында күнтізбеге енгізілді. Енді қазан айының соңғы жексенбісі – жол саласында еңбек етіпжүрген мыңдаған маманның төл мерекесі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі таңда республика бойынша 25 мыңға жуық адам осы салада қызмет етеді. Соның ішінде 3 мыңға жуығы – Шығыс Қазақстан облысында. Олар жаздың аптабында да, қыстың аязында да елдің жолдарын күтіп, халықтың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп жүр.

 

Өмірін жолмен байланыстырған жан

Шығысқазақстандық Манар Ордабаева жол саласындақырық жылға жуық еңбек етіп келеді. Қазақстанның Құрметті жолшысы бүгінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалында жұмыс істейді. Ол мердігер ұйымдардың атқарған жұмыс сапасын тексереді, қабылдаужүргізеді.

— Жол – ел дамуының өзегі. Қай жерде жаңа трасса салынса, сол жерде тіршілік жанданады. Біз аязды боранда да, аптап ыстықта да жол басында болдық. Бірақ ең бастысы – халық игілігі үшін қызмет ету. Осынысезінгенде шаршау деген ұмытылады, — дейді Қазақстанның Құрметті жолшысы Манар Ордабаева.

Зейнет жасына жетсе де, Манар апай әлі де сапта, жолдаіссапарларда. Себебі ол өз тәжірибесін жастарға үйретуді парыз санайды.

 

Жол сапасы – қатаң бақылауда

Жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретіндердің бірі – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы». Орталықтыңинженерлері өңір бойынша ондаған нысанда зерттеу жүргізіп, жол құрылысының сапасын бақылайды.

— Кейде мердігерлер ескертулерге риза бола бермейді. Бірақ біздің мақсат – айыптау емес, сапалы жолдыңсалынуына атсалысу. Ең бастысы – әділдік пен ашықтық, — дейді орталықтың ШҚО филиалының инженері Ернұр Кәрим.

Оның айтуынша, бүгінде барлық өлшеу мен есеп цифрландырылған.

— Әр дерек тікелей орталық базаға түседі. Бұл бүкілсаланың жұмысына тәртіп пен жауапкершілік әкеледі, — дейді инженер.

 

Боранда да, аязда да жол басында

Қыста шығыстың жолдары – ең ауыр сынақтың бірі. Республикалық маңызы бар трассаларды күтіп ұстау ісі «Қажсервис» ЖШС компаниясына жүктелген. Бұл кәсіпорынжолдың тазалығын, қауіпсіздігін және үздіксіз ашық болуынқамтамасыз етеді.

Алтай ауданындағы №32 жол пайдалану учаскесініңбригадирі Сергей Петухов боран соққанда да жұмысты тоқтатпайтынын айтады.

— Боран күшейсе, жол тазаланбайынша ешкім кетпейді. Кейде тәулік бойы, кейде екі күн қатарынан жұмысістейміз. Өйткені Өскемен–Алтай–Рахманов бұлақтары бағыты республикалық маңызы бар жол. Ол үнемі ашықболуы тиіс. Егер жолда көлік тұрып қалса, көмектесу – біздің адамдық борышымыз, — дейді Сергей Петухов.

Оның бригадасы қыстың ұзақ айларында ондаған жүргізушініборан мен аяздан аман алып шыққан.

 

Жолшылар еңбегі – ел ілгерілеуінің кепілі

Биыл Шығыс Қазақстанда 700 шақырымнан астам жол жөнделуде. Калбатау – Майқапшағай және Талдықорған – Өскемен бағытындағы маңызды автомагистральдардың құрылысы аяқталды. Облыстың басқа да бағыттарында, ауылдарға апаратын жолдарда жұмыстар жалғасуда.

— Әрбір жөнделген шақырым – адамдардың қауіпсіздігімен жайлылығы үшін жасалған еңбек. Бұл – инженерлермен механизаторлардың, жүргізушілер мен зертханамамандарының еңбегі. Тек республикалық маңызы бар жолдарда 2172 адам жұмыс істейді. Олардың қатарындажол салып жатқан мердігер компаниялардың ұжымы, «ҚазАвтоЖол», «Қажсервис» және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік командалары бар. Жолшылардың қажырлы еңбегі – ел дамуыныңкепілі, — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Жолшылар үшін мереке күні де жұмыс тоқтамайды. Өйткені жолда мереке де, демалыс та жоқ – олардың еңбегі ел қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив