A+ A A-

talgatzhan 7 Кеше, 14:00 0

Жыл басынан елде 400-ден астам адам астан уланды

Бүгін / Республика

Жыл басынан бері елімізде тағамнан, фаст-фудтан неше адам уланды. Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- 2025 жылдың 9 айында бақылау және қадағалау объектілеріне байланысты жаппай тамақтан уланудың 28 жағдайы тіркелді (2024 жылы – 13 жағдай), зардап шеккендер саны - 413 адам, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Тамақтан уланудың негізгі себебі өнімді жеткізуден және сақтаудан бастап оларды дайындау мен сатуға дейінгі санитариялық–эпидемиологиялық талаптардың орындалмауынан болған. Сондай-ақ медициналық тексерусіз жұмыс істеуге рұқсат алған персоналдың бактерия тасымалдаушы ретінде анықталу деректері бар.
- 2025 жылы жеміс-жидек, қауын-қарбыздан жаппай улану жағдайдары тіркелмеді, - деп нақтылады комитет.
Атап айтқанда, адамдар тамақтан уланған жағдайда, шұғыл көмек пен одан арғы емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады. Егер, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша сот шешімімен қылмыстық құқық бұзу белгілері болған жағдайда, субъект зардап шеккендердің материалдық залалын өтеуі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив