A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:30 0

Елімізде мерекелерде отшашуға тыйым салынуы мүмкін бе

Бүгін / Республика

Елімізде айтулы мереке күндері қала орталықтарында отшашу атылады. Әдетте, мерекелік фейерверктердің жарқырауын тамашалауға жұрт көп жиналады. Ал эколог мамандар отшашудың қоршаған ортаға залалын айтып алаңдап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми сауалға берілген жауабында әзірге отшашуды толықтай заңнамалық тұрғыдан тыйым салу мәселесі қарастырылмағаны айтылған.
- Қазір тыйым салу туралы ұсыныстар түскен жоқ, алайда министрлікке ұсыныстар түскен жағдайда, құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп талқылауға дайын, - деген жауап алдық.
Фейерверк басқа да қоршаған орта мен адам денсаулығына зардабы бар бұйым, сұйықтық, қалдық мәселесі Экология кодексі 1-бабының 3-тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамамен реттеледі.
Сонымен қатар министрлік елімізде отшашудың қоршаған ортаға және адам денсаулығына ықтимал әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілмегенін хабарлап отыр.
- Министрлік экологиялық ұйымдар мен қоғам белсенділерінің ұсыныстарын қолдайды және оларды қарастыруға әрқашан ашық. Экологтердің уәждері ғылыми деректерге сүйенгендіктен, бұл пікірлер министрліктің қоршаған ортаны қорғау саясатын қалыптастыру барысында ескеріледі,- делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив