A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:30 0

Өңірлерде су тасқынының алдын алу және халықты қорғау жұмыстары күшейтілді

Бүгін / Республика

Қазақстан өңірлерінде елді мекендерді ықтимал су тасқынынан қорғау және су басу тәуекелдерін азайту бағытындағы кешенді іс-шаралар жалғасуда. Бұл жұмыстар алдағы көктемгі тасқын кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және инфрақұрылым нысандарын сақтауға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданының Тарханка ауылындағы Үлбі өзенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған дейін салынған бөген жаңғыртылып, өзен деңгейінің көтерілуінен туындайтын қауіптің алдын алуға бағытталған шаралар атқарылуда.
Мониторинг нәтижесінде өзеннің жоғары ағысында су арналарға еніп, бөгенді айналып өту қаупі анықталды. Осыған байланысты ТЖ жөніндегі комиссия арналарды уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл тасқын судың бағытын реттеп, судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында ТЖ департаменті бастығының орынбасары Д. Дәлешов бастаған жұмыс тобы Қарқаралы ауданындағы су басу қаупі жоғары аумақтарды аралады. Тексеру барысында Ынталы, Жарлы, Тегісшілдік, Көктас және Қаракөл ауылдарындағы қорғаныш бөгендері мен су бұру арналарының жай-күйі бағаланды. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою және инженерлік жұмыстарды жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі уақытта облыста инженерлік жұмыстар жоспарының 64 пайызы орындалған: 138 іс-шараның 87-сі аяқталып, қалғаны бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қостанай облысында да 2026 жылғы су тасқынына дайындық жоспары жүйелі түрде жүзеге асуда. Өңірде 81 іс-шарадан тұратын инженерлік жұмыстар жоспары бекітіліп, оның 45-і аяқталған. Қалған 36 бағыт бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Қостанай, Амангелді, Меңдіқара, Қарасу және Науырзым аудандарында қорғаныш бөгендері нығайтылып, жалпы ұзындығы 6,7 шақырым болатын аумақ қорғалды.
Сондай-ақ автомобиль жолдарындағы 7 су өткізгіш құбыр жөнделіп, 400-ден астам су өткізу құрылысы тазартылды. Нәтижесінде облыстың 20 елді мекені су тасқынынан қорғалды.
Түркістан облысында Бәйдібек және Мақтаарал аудандарында қорғаныш бөгендерін күшейту, көпірлерді жөндеу және суару жүйелерін жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр. 2025–2026 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жөніндегі инженерлік жоспар аясында Шаян өзеніндегі жағалау бөгендерін нығайту аяқталуға жақын. Бұл шаралар алдағы уақытта таулы аймақтардан келетін еріген және жаңбыр суының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы жүргізіліп жатқан инженерлік және ұйымдастырушылық шаралар су басу қаупін едәуір төмендетіп, ықтимал тасқындардың салдарын азайтуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Су тасқынына дайындық жұмыстары барлық облыстарда жалғасуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив