A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:30 0

Үлкен Нарын ауданында ипподром салынады

Бүгін / Үлкен Нарын

Бүгінде ауданда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы аудан әкімі Елдос Байрахметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Үлкен Нарын ауылында жергілікті бюджет есебінен ипподром салу, Үлкен Нарын және Жұлдыз ауылдарында ұялы байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында антенна-мачта құрылғыларын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сонымен қатар Үлкен Нарын ауылындағы Абылайхан көшесіне күрделі жөндеу жүргізу де жоспарға енгізілді.

- Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры нысандарын және желілерін қайта жаңарту жобасы аясында ұзындығы 77,4 шақырым болатын су жүйесі жөндеуден өтуде. Дәл осындай жұмыстар Алтынбел, Үштөбе және Солдатово ауылдарында қолға алынды. Сондай-ақ осы жылы Үлкен Нарын ауылында 10 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, жолдар, көпірлер мен су өткізу құрылыстары ретке келтірілді, - деді аудан басшысы Елдос Байрахметов.

Айта кетейік, ауданның туристік әлеуеті жылдан жылға артып келеді. Биыл мұнда 15 050 турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 165%-ға өскен.

- Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесе заманауи жол бойы сервис павильоны пайдалануға берілді. Ал болашақта Свинчатка ауылында демалыс базасы салынбақ. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыруға әсер етпек, - деді аудан әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив