Аталған факті бойынша ШҚО Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында спортшылардың жаппай ерегісуіне қатысты полиция тергеу амалдарын қолға алды.
Әлеуметтік желіге видео таратқан куәгерлердің айтуынша, жанжал шыққан соң спортшылар мен жаттықтырушылар арасында жаппай төбелес болған.
– Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталған. Істің мән-жайын жан-жақты және толық анықтау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Пікірлер