A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 10:40 0

Өскеменде тұманның неден пайда болғанын түсіндірді

Бүгін / Өскемен

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы Любовь Бухтоярованың айтуынша, өткен демалыс күндері өңірде жылы ауа райы байқалды, ал оның артынан суық фронтальды аймақтар келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- 27–28 қазан күндері қалада жаңбыр жауды, ал облыс аумағына суық әрі тұрақты антициклон орнады, яғни ылғалды әрі суық ауа массасы қалыптасты. Ауа температурасының төмендеуі, ылғалдың жоғарылауы және желсіз ауа райы – барлығы төменгі ауа қабаттарында су буының конденсациялануына әсер етті. Соның нәтижесінде бүгінде қалада тұман мен жеңіл түтін байқалуда, - деді Любовь Бухтоярова.

Оның сөзінше, алдағы тәулікте де осындай ауа райы сақталады, яғни ертең де Өскеменде тұман күтіледі. Күндізгі ауа температурасы төмен болып қала бермек. 

- Ауа райының өзгерісін жұма күні күтеміз. Жұма және сенбі күндері ауа температурасы жоғарылап, оңтүстік-шығыстан жел соғып, тұман біртіндеп сейіледі, - деді «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив