A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 11:15 0

ШҚО-да үш млн теңгеден астам қарызы бар азамат анықталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген азаматтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшесіне Абай облысының жеке сот орындаушысынан банкте үш млн теңгеден астам қарызы бар 25 жастағы азаматты іздеу жөнінде қаулы келіп түскен. 

Полицейлер бір тәуліктің ішінде борышкердің тұрған жері анықталып, Өскеменнен табылды. Оған сот орындаушысымен кездесу ұйымдастырылды. Қарызды өндіру заңда белгіленген тәртіппен жалғасады.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу бойынша іздеуде жүрген қырыққа жуық азаматты анықтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив