Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, балық азығына – 113,5 млн теңге, балық өсіру материалына – 17 млн теңге, шығындардың бір бөлігін өтеуге – 7,4 млн теңге бағытталған.
- Аймақта балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. «Шығыс Универсал» ЖШС 1,7 мың, «Гранд Фиш» ЖШС 600 мың форель шабағын өсірді. Ал «Ost Fish» ЖШС өз өндірісіндегі уылдырықтан 250 мың бекіре шабағын инкубациялады, - деді Арман Есентаев.
Бұл көрсеткіштер облыстағы балық шаруашылығының тұрақты дамып келе жатқанын, саланың экономикалық әлеуеті артып отырғанын көрсетеді.
2030 жылы өңір бойынша жыл сайын 9 774 тонна тауарлы балық алу жоспарлануда. Оның ішінде 8 578 тонна албырт, 1 151 тонна тұқы және 45 тонна бекіре тұқымдас балық түрлері бар. Соңғы 4 жылда өңір бойынша 6,2 мың тонна тауарлы балық өсірілген.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер