A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:30 0

ШҚО-да биыл қыс қандай болады?

Бүгін / ШҚО

Алдын ала болжам бойынша, 2025-2026 жылғы қыс мезгілі қоңыржай жылы болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға сәйкес болады. Дегенмен кейбір кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ, тұман және мол жауын-шашын түсуі ықтимал. Сонымен қатар, қыс кезінде қар жамылғысында мұз қабыршығы пайда болуына әкелетін “температуралық құбылыстар” болуы мүмкін.

 

Желтоқсан айының ауа райы

Температура:
Елдің басым бөлігінде норма шамасында болады, ал солтүстік-батыс жартысында (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігі, Ақмола облысының солтүстік-батысы) нормадан 1° жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысының қиыр солтүстік-шығысында нормаға қарағанда 1° төмен болады.

Жауын-шашын:
Республика аумағының басым бөлігінде нормаға сәйкес болады. Ал орталықта, елдің шығысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, солтүстік аймақтың оңтүстік жартысында және оңтүстік облыстардың қиыр солтүстігінде нормадан аз болады.

 

Қаңтар айының ауа райы

Температура:
Республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, шығыс өңірлерде (Абай, Жетісу облыстары, Алматы облысының басым бөлігі, Қарағанды мен Павлодар облыстарының шығысы) нормаға қарағанда 1° төмен болады.

Жауын-шашын:
Республика аумағының басым бөлігінде нормаға сәйкес болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстары) нормадан көп жауын-шашын күтіледі.

 

Ақпан айының ауа райы

Температура:
Орташа айлық ауа температурасы республика бойынша нормадан 1–2° жоғары болады.

Жауын-шашын:
Елдің барлық аумағында климаттық норма шегінде болады.

 

Наурыз айының ауа райы

Температура:
Елдің барлық өңірінде нормадан 1° жоғары болады деп болжанып отыр.

Жауын-шашын:
Республика аумағының басым бөлігінде нормаға сәйкес болады.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстары) нормадан көп жауын-шашын, Маңғыстау облысының басым бөлігінде нормадан аз болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив