A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 12:15 0

ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрайды

Бүгін / ШҚО

Оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,3%-ға, әйелдер арасындағы жұмыссыздық 4,8%-ға жетті, деп Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Биыл жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 28 631 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 19 447-сі тұрақты, 9 184-і уақытша жұмыс. 
- Мемлекет басшысының «10 мың еңбекке қабілетті халыққа 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы бойынша 8 379 тұрақты жұмыс орнын құру көзделіп, 7 109 орын толды. Бұл жылдық жоспардың 85%-ы орындалғанын білдіреді. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында 249 грант берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 386 адам қамтылды, - деді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының  басшысы Альмира Мусинова.
Осы ретте облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан, қала басшыларына халықты жұмыспен қамту міндеттерін уақтылы орындауды, Зайсан және Катонқарағай аудандарында салынып жатқан 2 әуежайды білікті кадрлармен қамту мақсатында «Өскемен әуежайы» АҚ базасында жұмыссыз жүрген адамдарды арнайы оқытуды тапсырды.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив