Облыс орталығындағы түзету мекемесіне арналған жаңа тігін машинасының қозғалтқышынан 8 ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан 6699 бөлімшесінің қызметкерлері тігін машиналары тиелген жүкті мұқият тексерді. Іздеу тобы тінту жүргізіп, тігін машиналарының бірінің қозғалтқышынан сегіз ұялы телефонды, SIM картасын және қуаттандырығшты тапты.
Барлық телефон тәркіленіп, 40 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды.
Пікірлер