31 қазан күні елдің барлық ірі қаласында бір уақытта «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Тұрғындардың құқық саласына қатысты сұрақтары болса және кәсіби кеңес қажет болса, елдің үздік мамандарынан тегін құқықтық көмек ала алады.
«Халық заңгері» — мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер мен адвокаттар халыққа тегін құқықтық көмек көрсететін кең ауқымды әлеуметтік жоба.
Іс-шараның ұйымдастырушылары қатарында ҚР Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, Параграф ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы және еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары бар.
Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «ADK» және «MAXI MALL» сауда-ойын-сауық орталықтарында басталады.
Пікірлер