455 498.77 5.56
A+ A A-

ШҚО-да алғаш рет «Жас мерген» телетурнирі басталды

ШҚО-да алғаш рет «Жас мерген» телетурнирі басталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін аймақта алғаш рет мектеп оқушылары арасында дәстүрлі садақ атудан «Жас мерген» облыстық телетурнирі басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мергендер жарысының ашылу салтанатына аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
- Садақ ату – халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық мұрасы, батырлық пен мергендіктің нышаны. Бұл спорт түрі жас ұрпақтың рухын көтеріп, ерік-жігерін шыңдап, тереңде жатқан тарихымызға үңілдіре түседі. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Жебелеріңіз нысанаға дөп тие берсін! - деді облыс әкімі.
Облыстық «ALTAI» телеарнасы мен «Керемет садақ ату» орталығы бірлесіп ұйымдастырған телетурнирге облыс әкімдігі қолдау көрсетті. Жарысқа 9-10 сыныпта оқитын 80-нен астам оқушы қатысып жатыр. Жартылай финал мен финалда олар жамбы ату бойынша сынға түседі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив