A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 09:40 0

ШҚО-да «Халық заңгері» акциясы өтеді

Бүгін / ШҚО

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қаласында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық акциясы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Азаматтардың құқық жөнінде сұрақтары болса, сауатты консультация алғысы келсе, елдің үздік сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігі бар.

«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, адвокаттардың халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Аталған акция өңірде келесі мекенжайлар бойынша өтеді: 

Өскемен қаласы: «Maxi mall» және «ADK Piver» сауда-ойын-сауық орталықтары;

Риддер қаласы: Мәдениет үйі (Тәуелсіздік даңғылы, 14);

Алтай ауданы: «Горняк» Мәдениет үйі (Садовая көшесі, 1);

Глубокое ауданы: Абай атындағы Мәдениет үйі (Попович көшесі, 41); 

Тарбағатай ауданы: Аудандық Мәдениет үйі (Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 17); 

Самар ауданы: Универмаг ғимараты (Самарға 100 жыл көшесі, 176); 

Марқакөл ауданы: Аудандық әкімдік ғимараты (Крахмаля көшесі, 67);

Катонқарағай ауданы: "Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы (Абай көшесі, 80); 

Үлкен Нарын ауданы: Аудандық Мәдениет үйі (Абылай хан көшесі, 1);

Зайсан ауданы: Аудандық Мәдениет үйі (Шаймардан көшесі, 14);

Шемонаиха ауданы: Аудандық Мәдениет үйі (Астафьев көшесі, 58);

Күршім ауданы: Мәдениет үйі (Абылай хан көшесі, 86); 

Ұлан ауданы: «Ұлан» сауда үйі (Абай көшесі, 11).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив