A+ A A-

talgatzhan 29 Бүгін, 11:30 0

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның әсерінде болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюін тудырады. Тек 30 қазанда солтүстік пен орталықта, 30–31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі деп болжанады.
Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі: күндіз батыста +5…+10°С, солтүстік пен орталықта +2…+10°С, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +8…+17°С, шығыста +8…+18°С шамасында болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив