Оның 170,3 млрд теңгесі жергілікті бюджетке, 166 млрд теңгесі республикалық бюджетке бағытталды. Бұл туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш Сайранқан мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 192,3% құрап, 161,4 млрд теңгеге артқан. Түсімдердің негізгі бөлігін келесі салық түрлері құрады:
пайдалы қазбаларды өндіру салығы – 22% немесе 74,1 млрд теңге;
ірі кәсіпорындардан түскен корпоративтік табыс салығы – 22,4% немесе 75,4 млрд теңге;
төлем көзі арқылы ұсталған жеке табыс салығы – 15,1% немесе 50,9 млрд теңге.
Экономикалық салалар арасында ең көп түсім өңдеу өнеркәсібінен түскен – 28,6% (96,3 млрд теңге). Бұдан бөлек, көтерме және бөлшек сауда – 15% (50,4 млрд теңге), тау-кен өндірісі – 13,5% (45,3 млрд теңге), құрылыс саласы – 8,4% (28,1 млрд теңге) үлесін иеленді.
18 маусым-16 қыркүйек аралығында облыстағы туристік нысандарда 110 рейдтік тексеру жүргізілді. Кәсіпкерлердің бақылау-кассалық машиналарды, қолма-қол емес төлем жүйелерін пайдалану және салықтық тіркелу тәртібі қаралды. Нәтижесінде 148 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 104-іне ескерту берілді. 39 іс сотқа жолданып, 6,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімімен 125 850 теңгеге темекі өнімдері және 947 630 теңгеге алкогольдік ішімдік тәркіленді.
Мәселен, Катонқарағай ауданында кәсіпкер жазғы үйді тіркеусіз жалға берсе, Самар ауданында кассалық аппарат пен төлем қабылдау құрылғысы болмағаны анықталды.
1 сәуірден кейін жеке тұлғалардың көлік және мүлік салығы бойынша 1 091,0 млн теңге берешек қалыптасты. Оның 600,6 млн теңгесі өтеліп, 490,4 млн теңге қарыз әлі де 38 607 салық төлеушінің үлесінде.
Қарызды азайту мақсатында салық органдары бірқатар шара жүргізуде. Жыл басынан бері 789 рейд өткізілді. Нәтижесінде 17,6 млн теңге көлемінде берешек өтелсе, жұмыс істейтін борышкерлерден қосымша 7,5 млн теңге өндірілді.
2 қазаннан бастап мүлік салығы бойынша берешек 483,5 млн теңгеден 506 млн теңгеге дейін өсіп, 23 млн теңгеге артқан.
Егер іс жеке сот орындаушыларына берілсе, қарыз сомасына қосымша 25% көлемінде өндіріп алу шығыны қосылады. Сондықтан артық шығын мен шектеу шараларына жол бермеу үшін салықтарды уақтылы төлеу маңызды. Төлемдерді eGov порталы, e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk және өзге де онлайн сервистер арқылы жүргізуге болады.
Пікірлер