A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 14:00 0

Келесі жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері өзгереді

Бүгін / Республика

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен бірқатар әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіinbusiness.kzсайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылға арналған кірістер көлемі – 22,8 трлн теңге, ал шығыстар – 26,2 трлн теңге деңгейінде бекітілген.

Заң бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерге келесі көрсеткіштер белгіленеді:

Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;

Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Жас бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылардың көлемін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайызға арттыру көзделеді, делінген құжатта.

2024 жылғы 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2,51 миллион зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы көлемі 142 810 теңгені құрайды, оның ішінде ынтымақты зейнетақысы – 95 249 теңге, базалық зейнетақы – 47 561 теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив