A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 12:00 0

Өскемендік жастар граффити сурет салу байқауына қатысты

Бүгін / Өскемен

Іс-шара облыс орталығындағы бірнеше ауданда «Заң мен тәртіп» қағидасы және нашақорлыққа қарсы «Esirtkisiz Shygys» өңірлік жобасы аясында қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар сөзінше, байқауға 14-35 жас аралығындағы жастар қатысуға өтінім берген. 
- Бүгінгі граффити фестиваль Ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы, Өскемен қаласы әкімдігі және облыстық прокуратура бастамасымен қаладағы 4 қоғамдық орында өтіп жатыр. Негізгі мақсаты сол, жастарды нашақорлық және есірткімен күресуге шақыру, қаланың сәулеттік бейнесін жаңарту. Байқауға барлығы 20 адам қатысып жатыр, - деді Жастар ресурстық орталығындағы бөлім басшысы Шәкәрім Құдайбергенов. 
Қабырғаларға салынатын суреттердің түрлі нұсқалары жастар тарапынан ұсынылып, қолдауға ие болды. Оларға нұқсан келмес үшін тәртіп сақшылары да атсалыспақ. 
Комиссия мүшелерінің шешімімен жеңімпаздар атанғандар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив