Меновное кентінің тұрғыны Надежда Шмыгалева бірнеше жыл бойы жолдың нашар жағдайы мен шіріген электр бағандары туралы айтып келді. Электр сымдарының жерге салбырап тұруы тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіргенімен, ұзақ уақыт бойы мәселе шешімін таппаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бұл мәселені жылдар бойы көтеріп келдік, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Жолдың тозуы мен электр сымдарының төмен түсуі балалар мен қарт адамдар үшін өте қауіпті еді. Тек “AMANAT” партиясына жүгінгеннен кейін ғана нақты жұмыс басталып, мәселе қысқа мерзімде шешілді. Партия өкілдері бірден әрекет етіп, жауапты органдармен бірлесе нақты нәтиже көрсетті, – дейді Меновное кентінің тұрғыны Надежда Шмыгалева.
Азаматтың өтініші бойынша «AMANAT» партиясының облыстық филиалы бұл мәселені өз бақылауына алды. Партияның тікелей араласуымен және тиісті органдардың қатысуымен жұмыстар жедел түрде ұйымдастырылды. Қысқа уақыт ішінде ескі электр бағандары ауыстырылып, сымдар ретке келтірілді, ал жол бөлігін жөндеу мәселесі де оң шешімін тапты.
Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Александр Светаш бұл жұмысқа партияның араласуы шешуші рөл атқарғанын атап өтті:
- Тұрғынның өтінішінен кейін бұл мәселе партияның бақылауына алынды. Біз қалалық мәслихаттың отырысында аталған жағдайды көтеріп, тиісті шешім қабылдануына ықпал еттік. Қалалық әкімдікпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде Янушкевич көшесіндегі №80 үйдің ауласы мен жол бөлігі толықтай асфальтталып, жарық жүйесі ретке келтірілді. Бұл – партияның халық мүддесі жолындағы нақты ісінің көрінісі, – деді депутат.
Бұл – «AMANAT» партиясының халықтың өтінішіне жедел жауап беріп, нәтижеге бағытталған істер атқарып отырғанының айқын дәлелі.
Пікірлер