A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:45 0

Өскеменде жас хоккейшінің өліміне кінәлі деп танылған жігіт рақымшылыққа ілікті

Бүгін / Өскемен / Спорт

"Торпедо" жастар командасының қақпашысы 19 жастағы Иван Пыленоктың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 2 тамызда Б. Александров атындағы Спорт сарайының фойесінде Иван Пыленок пен Л. есімді ер адамның арасында жанжал болған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Тергеу материалдарына сәйкес, Л. хоккейшіні мойнынан қысып ұстап, біраз уақыт бойы күштеп сол қалыпта ұстаған. Оларды ажыратқаннан кейін Пыленоктың жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Дәрігерлер көмекке келгенше жүрегі тоқтап қалған.

Сараптама қорытындысында өлімнің себебі – мойынның рефлексогенді аймағына тиген жабық соққы салдарынан жүрек қызметінің рефлекторлық тоқтауы екенін көрсетті.

Сот Л.-ның әрекеті мен Пыленоктың өлімі арасында тікелей себеп-салдар байланысы барын анықтады.

- Айыпталушы тарапынан қылмыстық немқұрайлылық орын алған, соның салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқты, – делінген сот шешімінде.

Марқұмның ата-анасы істі Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі ("Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қайта саралауды сұраған.

Нәтижесінде сот Л.-ны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілігіп, жазадан босатылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив