Шаһар басшысы тұрғындар жиі шағымданатын қоғамдық көлік мәселесі бойынша жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтуынша, автобустар кейде халыққа қолайлы уақытта жүрмей қалады, кейде керісінше.
– Ашығын айту керек, кезінде өзіміз мектепке қатынаған автобустар әлі де жүр. Тұрғындардың айтып жатқан сыны орынды. Автобустар сынып қалып жатады. Қазір D санатты автобус жүргізушілерін табу да қиындап кетті. Бірақ биыл тасымалдаушылармен сөйлесіп жатырмыз. Қалаға 62 жаңа автобус әкелінеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, автобус паркін 60%-ға дейін жаңартуға мүмкіндік туады, – деді Алмат Ақышов.
Шаһар басшысының айтуынша, қоғамдық көліктерге қатысты мәселені шешу үшін өзге тасымалдаушыларды да тарту көзделіп отыр. Бұл нарықтағы өзара бәсекелестікті күшейтпек.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер