A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 14:20 0

Өскемендегі Жібек маталар ауданына трамвай рельсі салына ма?

Бүгін / Өскемен

Бұл сұраққа қала әкімі Алмат Ақышов Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз туры кезінде жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2014 жылы қала әкімі болып тұрғанда Темірбек Қасымжанов Жібек-маталар комбинаты арқылы трамвай релсі салынуы керек деген бастама көтерген еді. Ол сол арқылы тұрғындар кептеліске көп ұшырамай, қала мен ықшамаудан арасында кедергісіз жүретінін алға тартты.
Шаһар басшысы Алмат Ақышовтың сөзінше, бұл мәселе жан-жақты зерттеуді қажет етеді. 
- Естеріңізде болса, бұған дейін ескі көпір үстімен ЖМК ауданы бағытына қарай рельс салған болатын. Ал бастаманың өзі 2014-ші жылдан бұрын көтерілді ғой деймін. Дегенмен мұндағы басты мәселе - көпірдің трамвайларды өткізу қабілеттілігі мен дайындығы. Сондықтан бұл сұрақты жан-жақты зерделеп, содан кейін ғана нақты жауап беруге болады, - деді қала әкімі. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив