A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 14:35 0

Өскеменде студенттерге арналған аллея пайда болуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Әкімдік өкілдері бүгінде қала көркін арттырып, демалыс алаңдарын көбейту - басты назардағы мәселелердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімі Алмат Ақышовтың сөзінше, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен С.Аманжолов атындағы ШҚУ аралығында жастардың бас қосуы үшін қолайлы аумақ бар. Сол жерде “Студенттер аллеясы” ашылады. 
- Студенттерге айтсақ, осыған қатысты идеяларын төгуі мүмкін. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өте мықты сәулетшілер мен дизайнерлер оқиды. Бірақ менің естуімше, ол жақта радиациялық нүкте бар деп айтылды. Сол үшін толық жөнделген жоқ. Бұл мәселені тиянақты зерттеу керек. Бірақ біз ойлаған жұмыс басталса, биыл емес, келер жылға жоспарланады, - деді Алмат Талғатұлы.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив