A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 14:50 0

Өскеменде тұрғын үй аулалары абаттандырылуда

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында «Глобус» сауда үйінің артындағы Абай даңғылынан Космический көшесіне дейінгі жол кеңейтіліп, 3 539 шаршы метр жаңа асфальт төселді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

3 500 шаршы метр аумақта жүргізілген жұмыс көлік қозғалысын жеңілдетпек. Нәтижесінде, жаңа автотұрақтар да жұмысын бастайды. Тұрғындар бастамасымен қоршалған заманауи контейнер алаңы орнатылды.
Жалпы биыл қаланы абаттандыру аясында 42 аула қамтылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 17 аула, 17 балалар алаңы және 8 спорттық алаң жаңарып, басым бөлігі пайдалануға берілді.
Ал 2026 жылға тұрғындардан 219 өтініш келіп түсті. Оның 72-сі қолдау тауып, жүзеге асырылмақ. Бұған ауланы абаттандыру, жарықтандыру, тротуарлар және қоғамдық демалыс аймақтарын ұйымдастыру жұмыстары кіреді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив