Кеше шаһар басшысы Алмат Ақышов Есенберлин даңғылында орналасқан тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстарымен танысып қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін қала әкімі аталған жерге келіп, тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдаған еді. Осылайша, балалар үшін жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді.
Дегенмен шаһар басшысы кем-кетіктер бойынша мердігермен тағы сөйлесетін болады. Оның сөзінше, аула маңына әлі көп нәрсе жетпейді. Алмат Ақышов абаттандырылатын аумақ үлкен болады деп ойлаған.
– Ашығын айтсам, көңілім толмады. Мердігермен қайтадан сөйлесеміз. Оның үстіне бала саны көбейіп келеді. Олар таңнан кешке дейін ойнайды. Сондықтан екі-үш жылда тозып қалуы мүмкін. Биылша осыған тәуба қылайық, келесі жылы тағы толықтырамыз, – деді әкім.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер