Қала әкімдігі Республика алаңындағы жүктемені азайту үшін Амфитеатр аумағын тиімді пайдалануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың сөзінше, жоба әлі бекітілмегенімен, келесі жылдың бюджетіне енгізу көзделуде.
Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру үшін сахна орнатылып, көрерменге қолайлы жағдайлар жасалады. Осылайша, бұл жерде концерттер мен фестивальдер, түрлі мәдени іс-шаралар емін-еркін ұйымдастырылмақ.
- Қазір ірі шаралардың барлығы Республика алаңында өткізіледі. Ол үшін алаңға жақын көшелерді жабуға тура келеді. Одан кептеліс туындап, азаматтардың ашуын туғызады. Сондықтан Амфитеатрды пайдалану тиімді шешім болар еді, - деді Алмат Ақышов.
Бұдан бөлек, аталған аумақта биіктігі 30 метрді құрайтын Ту орнатылады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер