Бүгінде Өскеменде маңызды көлік нысандарының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Славский жағалауы мен Пермитин көшесінде негізгі жер қазу және дренаж жұмыстары аяқталып, төменгі асфальт қабаты төселуде. Жаңа жол учаскесінің ұзындығы – 758 метр. Жоспар бойынша бұл жол көпір алдындағы айналма мен оған жақын көшелердегі көлік жүктемесін едәуір азайтады.
– Халықтың көбі Буров және Новаторлар көшесінен осы бағытпен қозғалады. Менің ойымша, бұл жол айналма жолдағы көлік жүктемесін 15-20%-ға дейін жеңілдетеді. Биыл эстакаданы салып үлгермейміз, дегенмен ұзындығы 33 метрлік арқалықтар дайын. Кейін бұл айналма жолда кептеліс пайда болады, мұны да ескеру керек. Сол себепті, мұнда екі эстакада жобаланып жатыр. Оның бірі Жеңіс даңғылына, екіншісі Қазақстан көшесіне шығатын болады. Осылайша, көліктер еркін қозғала алады, – деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың сәуір-мамыр айларында толығымен аяқталмақ. 
Облыс басшылығының шешіміне байланысты Ертіс көпірі астындағы жол биыл ашылуы мүмкін. 
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер