Әкімдік өкілдері қыс бітіп, аллеяға қатысты халық тарапынан ескертулер айтылса, назарға алынатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аллеяда 106 көше шамы, 70 орындық, 61 қоқыс жәшігі, 15 әткеншек, 6 гүлзар орнатылды. 5,3 мың шаршы метрден астам жерге плита төселді. Қазан айы біткенше мердігерлер қалған 200 шаршы метр тротуар плитасын төсеп, балалар үшін «Барн Хаус» кешенін орнатуды жоспарлап отыр.
- Бұрын бұл жерде тіпті орындықтар жоқ болатын. Көбіне үлкен кісілер серуендеп жүреді. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көктемде осы аумақты абаттандыруды қолға алдық. Бір ағашты кеспей, қолда бар ландшафтты пайдаланып, осындай аумақ ашылды. Байқасаңыздар, мұнда жүретін адамдар саны да көбейген. Бұл жерді қала көркін аша түсетін тағы бір нысан деп есептеймін. Барлығы арнайы дизайнмен жасалды, - деді Алмат Ақышов.
Қыс мезгілінен соң аллеяға қатысты халық тарапынан ескертулер болса, назарға алынатын болады. 
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер