A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 16:00 0

Өскемендегі Шешек асуына жарық тартылды

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігі мәліметінше, Шешек асуы аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұнда автотұрақтар, кәуап дайындайтын, демалатын орындар, балалар және спорт алаңдары әзірленіп, 120 жарық шам мен дәретханалар орнатылды. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі іске қосылды. 
Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, бұл аумақты әлі де кеңейту қажет. Қыс мезгіліне қарай демалыс аймағын жеке басқаруға беру жоспарлануда.
- Көптеген кәсіпкер бұл нысанға қызығушылық танытып отыр. Біз салған нысандарды халық тегін пайдаланады, кейін қосымша салынатын құрылымдар мен қызмет түрлері нысанды алатын кәсіпкердің шешіміне байланысты болмақ, - деді ол. 
Сонымен қатар шаһар басшысы тұрғындардан демалыс аймағын ұқыпты пайдалануды сұрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив