1 қарашадан 1 мамырға дейін азаматтар картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты тұрақтандырылған бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бағдарлама аясында «Ертіс» ӘКК жергілікті өндірушілермен келісімшарттар жасап, 6080 тонна картоп, 1459 тонна қырыққабат, 1398 тонна сәбіз және 973 тонна пияз қорын жасақтады.
Бұл — халықтың үш айлық тұтыну көлемінің 50 пайызынан аспайтын қор. Өнімдер облыстық статистика органдары жариялайтын орташа нарықтық бағадан кемінде 10–15% арзан сатылады.
Өнімдер «Ертіс» ӘКК-нің 14 сауда павильоны мен 12 серіктес дүкенінде сатылады.
«Ертіс» ӘКК павильондары:
Серікбаев көшесі, №27 үй маңы;
Потанин көшесі, №31 үй маңы;
Вострецов көшесі, №19 үй маңы;
Назарбаев даңғылы, №84 үй маңы;
Қабанбай батыр көшесі, №162 үй маңы;
Михаэлис көшесі, №20 үй маңы;
Машинастроителей көшесі, №2;
Гагарин бульвары, №25 үй маңы;
Лихарев көшесі, №11 үй маңы;
Красин көшесі, №1/1 үй маңы;
Өтепов көшесі, №24 үй маңы;
Өтепов көшесі, №2 үй маңы;
Сәтпаев көшесі, №15 үй маңы;
Назарбаев даңғылы, №27 үй маңы.
 
Серіктес дүкендер мен базарлар:
«Волна» дүкені — Қабанбай батыр көшесі, №114;
«Автомота Амирханова» дүкені — Назарбаев даңғылы, №8;
Павильон — Бажов көшесі, №494/1;
«Заря» базары — Өтепов көшесі, №10;
«Самал» дүкені (көкөніс бөлімі) — Бажов көшесі, №331/1;
«Самал» дүкені — Бажов көшесі, №331/1;
«Колос» дүкені — Әуезов көшесі, №15;
Павильон — Бажов көшесі, №331;
Павильон — Шәкәрім көшесі, №163;
«Жәрдем» базары — сыртқы бөлім №86;
«Гастроном на 45-й» дүкені — Назарбаев даңғылы, №25;
«Заречный» базары — «Тропиканка» кафесі жағынан кіреберіс.
Пікірлер