A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 18:30 0

ШҚО әкімі Kazakhstan Global Investment Roundtable форумына қатысты

Бүгін / ШҚО

Астанадағы ірі инвестициялық форумда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов шетелдік инвесторлармен екі маңызды меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірінші келісім «Harvest Agro Holding» компаниясымен жасалды. Жоба аясында су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы агрокластер құрылмақ. Жалпы инвестиция көлемі – 74,2 миллион АҚШ доллары.

— Шығыс Қазақстан инвестиция құюға қолайлы аймақ ретінде танымал. Жері құнарлы болғандықтан өнімділігі жоғары өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндіктер бар, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Екінші меморандум «Dengbo Success Minerals Ltd.» компаниясымен жасалды. Құжатқа сәйкес, инвесторлар «Ново-Березовское» полиметалл кен орнын игеру және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл жобаның инвестициялық құны – 35,6 миллион АҚШ доллары.

Форум барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде жаңа инвестициялық цикл басталды. Яғни, мемлекет бизнесті демеп қана қоймай, жаңа салалардың құрылуына тікелей атсалысады. Үкімет жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде инвесторларға қолдау көрсетуге дайын.

Айта кетейік, ірі инвестициялық форумға 40 елдің өкілдері жиналған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив