A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 10:00 0

Өскеменде Алтай ауданының әйелдері кешенді медициналық тексеруден өтті

Бүгін / Алтай

Іс-шара ШҚО Көпсалалы Онкология және хирургия орталығының базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның мақсаты – ауылдағы әйелдердің денсаулығын қорғау, ауруларды ерте кезеңде анықтау және онкологиялық дерттердің алдын алу.
Тексеру барысында қатысушылар маммографиядан, ультрадыбыстық зерттеуден (УДЗ), төмен дозалы компьютерлік томографиядан (ТДКТ) өтті.
Сонымен қатар онколог-дәрігерлер кеңес беріп, басқа да профилактикалық және диагностикалық қызметтер көрсетілді.
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидоллдина бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
– Біздің орталық жылдан жылға дамып, жаңа технологиялармен толықтырылып келеді. Жыл сайын шалғайдағы ауылдардан әйелдерді толық медициналық тексеруден өткізуге тырысамыз. Былтыр біздің орталықта Марқакөл мен Катонқарағай аудандарының әйелдері тексерістен өтсе, биыл Алтай ауданының әйелдері келіп отыр. Бүгін олар анализ тапсырып, түрлі тексерулерден өтеді, – деді ол.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, дерттерді ерте анықтауға және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив