A+ A A-

talgatzhan 47 Кеше, 11:00 0

Биыл кәсіпкерлерге қысым көрсетудің 100-ге тарта дерегі анықталды

Бүгін / Республика

Прокуратура органдары бизнестің заңды мүдделерін қорғау және кәсіпкерлерге қысым көрсетудің кез келген түріне жол бермеу бағытында жүйелі шаралар қабылдап келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жыл басында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабына кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауаптылықты күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Наурыз айында күшіне енген бұл түзетулер жауапты тұлғалар шеңберін кеңейтіп, кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі келтіретін әрекеттер мен әрекетсіздік үшін жазалау шараларын қатаңдатты.
Прокуратура органдары осы саладағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша бақылауды күшейтті. Өткен жылдың тоғыз айында 49 заңсыз араласу фактісі тіркелсе, биыл олардың саны екі еседен аса өсіп, 98-ге жетті. Оның ішінде 92 әкімшілік іс қаралып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Жалпы сомасы 18 млн теңге айыппұл салынды.
- Мысалы, елордада жер қатынастары саласының қызметкері өз өкілеттігін асыра пайдаланып, кәсіпкерге тиесілі нысандарды бұзуды тапсырған. Павлодар облысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы әкімдерге жеңілдетілген несиелеу бағдарламасында көзделмеген құжаттарды талап етуді міндеттеген. Маңғыстау облысында мемлекеттік кірістер басқармасының инспекторы кәсіпкерді заңсыз түрде ҚҚС тіркеу есебінен шығарып тастаған. Ақтөбе облысында жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары жер қойнауын пайдаланушыға келісімшартқа сәйкес жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқан. Ал Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары кәсіпкердің автовокзалын қаладан тыс жерге көшіруді заңсыз талап еткен, - деп жазды бақылаушы органнан.
Барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура өкілдері бұл бағыттағы жұмыстың жүйелі түрде жалғасатынын және ерекше бақылауда болатынын атап өтті.
Сонымен қатар Бас прокуратура кәсіпкерлерге заңсыз араласу жағдайларында Call-орталыққа жүгінуді ұсынады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 30-17-93, 8-702-629-75-61.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив