ШҚО бойынша Экология департаментінің мамандары 19 қыркүйек-22 қазан аралығында Риддер және Алтай қалаларындағы «Казцинк» ЖШС-нің өндірістік нысандарында төрт жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Риддердегі байыту комбинатында және Тишин кенішінде экологиялық рұқсаттар талаптарының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, қуыс кеңістіктерді кальматациялау және құйма қоймасының бөгетін нығайту жұмыстары кезінде қалдықтардың бөгет еңісіне жайылып, жер бедеріне ағу фактісі тіркелді.
Сонымен қатар су нысандарына рұқсатсыз ағызулар болғаны анықталды.
Ал Алтай қаласындағы өндірістік алаңда технологиялық жолдың айналасында қорғаныс үйінділері жасалмаған, бұл ағын сулардың жер бедеріне ағуына әкелуде. Бұдан бөлек, шаң басу жұмыстары орындалмаған.
Тексеру нәтижелері бойынша ШҚО бойынша Экология департаменті анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, қолданыстағы экологиялық заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұлдар салды.
Пікірлер