3–5 қараша аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтармен, интернет-алаяқтықпен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Hi-tech» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты мақсаты — жоғары технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу, азаматтардың заманауи кибералаяқтық түрлері туралы хабардарлығын арттыру, жеке деректер мен азаматтардың қаржысын қорғау бойынша шаралар қабылдау.
ШҚО Полиция департаменті бейтаныс адамдар есептегіштерді ауыстыру, коммуналдық қызметтерді тексеру, SIM-картаның жарамдылық мерзімінің өтуі, басқа да себептерді сылтау етіп SMS-кодты, банк картасының деректерін немесе жеке ақпаратты сұраса, ешқандай мәлімет бермеуге кеңес береді. Бұл — алаяқтар.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын барынша сақ болуға шақырады.
Интернет-алаяқтық фактілерін анықтаған немесе күмән туындаған жағдайда бірден 102 нөміріне немесе жедел желіге 23-40-43 нөмірі арқылы хабарласыңыздар.
Пікірлер