A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 11:30 0

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

3 қыркүйектен бастап облыс аумағында мал ұрлығын ашу және оның алдын алу, мал, ет өнімдерін заңсыз тасымалдау мен сатуға жол бермеу мақсатында «Бекет» жедел алдын алу шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары Глубокое ауданы мен Риддер қаласында мал ұрлығымен айналысқан топты ұстады. Төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екі ер адам анықталып, келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты.
Бұдан бөлек, «Бекет» жедел алдын алу шарасы аясында 50-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері малдың қараусыз жайылуын тексеруді күшейтіп, автокөліктерді, базарлар мен сауда нысандарын тұрақты бақылауда. Өнімнің заңды шығу тегін растайтын ветеринариялық құжаттардың болуына ерекше назар аударылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив