A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 12:05 0

Абай облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Бүгін / Республика

Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолының учаскесінде болған.

"Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив