A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 13:00 0

Қоғамдық тамақтану саласында неше адам рұқсатсыз жұмыс істеген

Бүгін / Республика

Жыл басынан қоғамдық тамақтану орындарында рұқсатсыз жұмыс істеген 200-ге жуық адам анықталды. Бұл деректі Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оларға қатысты қандай жаза қарастырылған?
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 293-тармағына сәйкес, тамақтану объектісінің персоналы медициналық тексеруден өтуі тиіс. Осы жылы тіркелген жаппай тамақтан улану жағдайлары бойынша медициналық тексерусіз жұмыс істеген және бактерия тасымалдау бойынша зертханалық оң нәтиже анықталған 197 қызметкерге қатысты уақытша жұмыстан шеттету туралы 66 қаулы шығарылды. Олардың жұмыс берушілеріне тиісті әкімшілік шара қолданылды, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Атап айтқанда, адамдар тамақтан уланған жағдайда, шұғыл көмек пен одан арғы емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады. Егер, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша сот шешімімен қылмыстық құқық бұзу белгілері болған жағдайда, субъект зардап шеккендердің материалдық залалын өтеуі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив